Дубляж режиссері: ана тіліміз бәріне бейім

10 Қараша 2022, 12:14
1411
Бөлісу:
Дубляж режиссері: ана тіліміз бәріне бейім

Елімізде MARVEL студиясының «Қара қабылан: Ваканда жасасын» фантастикалық блокбастері  прокатқа шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл Marvel-дің қазақ тілінде шығарған жетінші фильмі. Аталған фильм туралы дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаев туындының қалай аударылғанын айтып берді.

Фильмді аударып, дыбыстауға шамамен бір айға жетер жетпес уақыт кетті. Оның ішінде аудару, мәтінді үйлестіру, әртістерге кастинг жасау және жазу барысы осынша уақыт алды. Біз бірінші рет кастинг өткізіп отырған жоқпыз. Бұған дейін де жинаған тәжірибеміз өз көмегін тигізді. Бұл менің дубляж режиссері ретінде – 21 жобам.

Disney талаптары бойынша, біз фильмдегі кейіпкерге 4-5 қазақтілді әртісті ұсынамыз. Олар әртістің дауысын, рөлге қаншалықты сәйкес келетінін таңдап бізге бекітеді. Біз өз тарапымыздан ешқандай әртісті алған емеспіз, – Ордабев.

Айтуынша, басқа Wakanda тарихы туралы фильм басқа дубляждарға қарағанда ерекше.

Wakanda халқы үшін ағылшын тілі туған тілі емес. Олар өз тілінде ғана тамаша сөйлейді. Ағылшын тілі олар үшін екінші тіл болғандықтан халқы акцентпен сөйлейді, сондай қатты Еуропа мен Америка бастарынан асырмайды. Өздерінің тайсалмайтын намыстары бар халық. Мұндай кейіпкерлерді сомдау, оған лайық әртістерді таңдау қазақ театр актерлерінің арасынан табу қиынға соққан жоқ, – деді ол.

Ордабаев қазақтілді дыбыстаудың дамуына не кедергі екенін де атап өтті.

Қазақ тілі – бәріне бейім. Біз кез келген дүниені дыбыстай аламыз. Көрермен де кез келген туындымызды көре алады. Тек телеарналардың сапасы төмен дубляждары кедергі жасамауы керек. Әрбір адам өз жұмысына тияқнақты келсе және продюцерлер жақсы қаржыландыратын болса, сонда ғана өсеміз, – деді жоба режиссері. 

Сөзінше, әлемдік жаңа туындыларды қазақ тілінде көргісі келетіндер көп. 

Әсіресе, отбасылық дүниелерге қызғушылықтың барын байқаймын. Біздің балаларымызды қайда апарамыз? Балаларымызға не көрсетеміз? Егер қазақтілді контент көптеп жасалмаса, балаларымыз өзге тілде сөйлетіні анық. Сондықтан біз мейлінше қазақша сапалы дубляжданған туындыларды ұсынуымыз керек, – деді режиссер.

Өзгелердің жаңалығы