Дубайда тереңдігі 60 метр болатын бассейн ашылды

11 Шілде 2021, 01:23
2832
Бөлісу:
Дубайда тереңдігі 60 метр болатын бассейн ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дубайда дайвинг үшін әлемдегі ең терең бассейн ашылды. Deep Dive Dubai деп аталатын кешеннің тереңдігі 60,02 метр, деп хабарлады kaz.tengritravel.kz.

Deep Dive Dubai зор әсер алғысы келетіндерге жаңа мүмкіндік береді. Мұнда әрбір адам өзі үшін суасты әлемін ашады, онда шытырман оқиғалар мен таңғажайыптарды көре алады, - дейді мекеме иесі. 
The National News басылымы дайверлердің «суға кеткен қаланы», «табиғатты», көлік тұрақтары мен басқа да қызықтарды зерттей алатынын жазады. 

Бассейнге 14 миллион литр су құйылған және ол Гиннесстер рекорды кітабына енді. 

Өзгелердің жаңалығы