Дубайда қазақ мәдени орталығы ашылды

6 Қараша 2023, 05:30
600
Бөлісу:
Дубайда қазақ мәдени орталығы ашылды
Фото: скриншот

Дубайда Nomad қазақ мәдени орталығы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алғаш рет қолға алынған жоба ана тілінде еркін ойлап, сөйлегісі келетіндерге арналған. Орталыққа келушілер қазақ тілін үйрену курсына қатысып, қазақтың мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша әрбір келушінің жеке тұлғалық қасиеті ескеріліп, когнитивті ойлауға негізделген тиімді тіл үйрену әдісі ұсынылады. Орталыққа мектеп жасындағы балалар да, ересек адамдар да келе алады.

Қазақ тілін жетік меңгеру, сонымен бірге өзіміздің ұлттық мерекелерімізді, салт дәстүрімізді, өзіміздің тарихымызды ұмытпау. Біздің орталықта қазақ тілі ағылшын тілімен бірге жүреді. Мені бүгін қуантқаны балалардың көп келгені, қазақтың ұлттық киімдерін киіп, қазақша сөйлеп, қазақ тілін үйренуге құлшыныстарын арттырып жатыр, - деді Nomad мәдени орталығының жетекшісі Динара Шахметова.

Өзгелердің жаңалығы