Дубай-Нұр-Сұлтан рейсімен келген 1 жолаушыдан коронавирус анықталды

6 Наурыз 2021, 11:17
1480
Бөлісу:
Дубай-Нұр-Сұлтан рейсімен келген 1 жолаушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 5 наурызында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты ұсынды.

2021 жылдың 5 наурызында Қазақстан аумағына ҚХР, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Моңғолия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді.

4 180 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 864 адам, анықтамасыз 316 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 688 жолаушы, анықтамамен - 2 458, анықтамасыз - 230;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 315 жолаушы, анықтамамен - 1 229; анықтамасыз - 86;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 51 жолаушы анықтамамен келген;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 126 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сонымен қатар комитет 2021 жылдың 4 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметті жария етті.

Анықтамасыз келген 513 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы