Денсаулық сақтау министрлігі резиденттерді көпсалалы клиникаларда тікелей даярлау мәселесін пысықтауда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңірлердегі кадр тапшылығы мәселесін, сондай-ақ резидент дәрігерлерді практикалық оқытумен байланысты проблемаларды шешу мақсатында Министрлік жоғары оқу орындары мен көпсалалы ауруханалар арасындағы консорциум шеңберінде тікелей көпсалалы клиникалар жанынан резиденттерді даярлау бастамасын пысықтауда, деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Мегаполистердің ірі клиникаларында шоғырланған резиденттердің көбі толыққанды клиникалық тәжірибеге қол жеткізе алмайтыны құпия емес. Бұл шара бізге өңірлерді резидент дәрігерлермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал резидент дәрігерлерге оқу кезінде үлкен тәжірибелік тәжірибе алуға мүмкіндік береді, - деді спикер.