Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев қанша адам ревакцинациядан өткенін айтты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша COVID-19-ға қарсы вакцина өз тиімділігін көрсетті. Сондай-ақ бірқатар шетелдік зерттеудің нәтижесіне сәйкес екпе алған адамдарда инфекциядан қорғау 6 айдан кейін орта есеппен 1,8 есе төмендейді, - дейді ДСМ басшысы.
Жандос Бүркітбаев атап өткендей, қазіргі уақытта КВИ бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау өте маңызды. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдар халыққа вакцинация жүргізуді күшейту керек, жаппай ревакцинация жүргізуді тездету қажет.
Елімізде ревакцинация алатын азаматтар саны 9,2 млн адам, оның ішінде 400 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті, - деп мәлімдеді ол.
Сөзінше, ревакцинация жасау үшін вакцинаның жеткілікті көлемі бар.
Биыл желтоқсаннан бастап 2022 жылғы бірінші тоқсан арасында вакцинаның 5 млн дозасын жеткізу жоспарланып отыр, - деп айтты Жандос Бүркітбаев.