ДСМ ешбір пациент қажетті емсіз қалмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету Денсаулық сақтау министрлігінің басымдығы болып табылады.
Дәрі-дәрмектерді жеткізудегі кез келген үзілістерді болдырмау үшін ведомство дәрі-дәрмектерді уақтылы беру тетігін анықтады. Ешбір пациент қажетті емсіз қалмайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар жағдайға мониторинг жүргізеді, - делінген ДСМ таратқан хабарламада.
Пациенттерге ыңғайлы болу және қажетті ақпаратты алу үшін 8 (7172) 570 950 нөмірі бар Call-орталық жұмыс істейді, оған қоңырау шалып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініштер қалдыруға, оның ішінде емдеуден және көмектен бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады.
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры онкологиялық науқастар тегін дәрі-дәрмексіз қалуы мүмкін екенін айтып, дабыл қаққан болатын.