ДСМ індет жұқтырғандар санының қате есептелгенін ескертті

14 Сәуір 2020, 20:02
3793
Бөлісу:
ДСМ індет жұқтырғандар санының қате есептелгенін ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 сәуірде таңғы сағат 10:25-те Түркістан облысында тағы үш адамның коронавирусты жұқтырғаны туралы хабарланды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Коронавирус инфекциясы Жетісай ауданының Ш. Ділдәбеков ауылдық округінің 1970 жылғы, Достық ауылының 1971 жылғы, Ынтымақ ауылдық округінің Өркені елді мекенінің 1994 жылғы тұрғындарынан анықталған болатын. Сол күні сағат 18:30-да осы өңірде тағы бес адамның вирусты жұқтырғаны туралы хабарланды. Техникалық қателікке байланысты деректер қайталанып кетті, соның нәтижесінде таңертеңгілік жағдайлар кешкі уақытқа қайта есептеліп кетті - делінген хабарламада.

Осыған байланысты, 14 сәуірде Түркістан облысында вирусты жұқтырғандар саны — 5, Түркістан облысында КВИ диагнозы қойылғандардың жалпы саны — 49, Қазақстан бойынша 1199 деп есептеуді сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы