Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, қазанның бірінші дүйсенбісінде бүкіл әлемде Халықаралық дәрігер күні атап өтіледі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі барша дәрігерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
Бұл ерекше мамандық, ол бүкіл қоғамның үлкен назары мен құрметіне ие, онсыз адамзатқа өмір сүру және халықты сақтау қиынға соғады. Денсаулық сақтау министрлігі барлық қазақстандық дәрігерді осы мерекемен құттықтайды. Бүгінде елімізде 74 мыңнан астам дәрігер жұмыс істейді, олар күндіз де, түнде де пациенттердің денсаулығын қорғауда. Коронавирустық инфекция пандемиясының соңғы жылдарында біз мыңдаған адамның өмірін сақтап қалатын денсаулық пен дәрігерлердің құндылығына ерекше көңіл бөлдік. Біздің дәрігерлерге кәсіби қызметте табыс, отбасылық амандық және мықты денсаулық тілейміз!, - делінген ведомство хабарламасында.