ДСМ-ге ядролық сынақтармен себепті байланысы бар деп танылуы мүмкін аурулардың тізбесін бекіту өкілеттілігі беріледі

28 Қазан 2021, 10:51
19362
Бөлісу:
ДСМ-ге ядролық сынақтармен себепті байланысы бар деп танылуы мүмкін аурулардың тізбесін бекіту өкілеттілігі беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының бүгінгі отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатыр.

Онда Денсаулық сақтау министрлігіне ядролық сынақтармен себепті байланысы бар деп танылуы мүмкін аурулардың тізбесін бекіту өкілеттілігін беру қарастырылған.

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі, сенатор Ләззәт Рысбекова ұсынылып отырған заң жобасы – мемлекеттік органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға және шешімдер қабылдаудың жеделдігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады.

Заң жобасы бойынша 46 заңнамалық актіге, соның ішінде Бюджеттік және Қылмыстық атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында  Үкіметтің кейбір өкілеттіктері орталық мемлекеттік органдарға берілуде. Мәселен: Ұлттық экономика министрлігіне – стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті жасау және ұсыну тәртібін белгілеу, Денсаулық сақтау министрлігіне – ядролық сынақтармен себепті байланысы бар деп танылуы мүмкін аурулардың тізбесін бекіту, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне – экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібін бекіту қапрастырылған, - деді сенатор.

Сондай-ақ Қаржы министрлігіне – аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту; кәсіби ұйымдар, сертификаттау жөніндегі ұйымдар куәлігінің нысандары мен оларды аккредиттеу ережелерін бекіту, Білім және ғылым министрлігіне – халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту қарастырылған.

Бұдан бөлек, заң жобасымен Жергілікті атқарушы органдардың деңгейіне Білім және ғылым, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің кейбір функцияларын беру қарастырылған.

Сенатор сондай-ақ, Экология, геология және табиғи ресурстар, Қорғаныс, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің кейібір мәселелерде өкілеттіктерін күшейту мақсатында бірқатар қосымша фунция берілгенін атап өтті.

Заң жобасы бойынша Сенаттың тұрақты Комитеттері тарапынан ұсыныстар мен ескертпелер келіп түскен жоқ. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Сенат Регламентінің 58-тармағын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы