Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаңадан құрылған ұлттық холдинг QazBioPharm деп аталады. Ол жарғылық капиталға 100% мемлекеттің қатысуымен құрылған.
Желіде жарияланған Үкіметтің сәйкес қаулысына сүйенсек, холдинг қызметінің негізгі міндеті – биофармацевтика нарығының инфрақұрылымын дамыту мен жетілдіру болып табылады. Сондай-ақ мемлекет пен қоғамды биофармацевтика өнімдерімен қамтамасыз ету, биофармацевтика ғылымы мен өнеркәсібін дамытуды жандандыруды көздеп отыр.
Холдинг акциясының мемлекеттік пакетіне иелік ету мен қолдану құқығы Денсаулық сақтау министрлігіне берілген.
QazBioPharm-ның жарғылық капиталы «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамының мемлекеттік пакетін беру есебін қалыптасады.
Одан басқа, БҒМ қарасты Ғылым комитеті Денсаулық сақтау министрлігіне төмендегі мекемелерді береді:
Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты;
Ұлттық биотехнология орталығы;
Республикалық микроорганизмдер коллекциясы.
Денсаулық сақтау ведомствосы сәйкес саланы басқару бойынша құзыретті органды анықтады.