ДСМ: Ел іші мен мемлекеттік шекарада қосымша шектеу қойылады

12 Қаңтар 2022, 10:19
1184
Бөлісу:
ДСМ: Ел іші мен мемлекеттік шекарада қосымша шектеу қойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. Оның айтуынша, шектеу шаралары орын алған эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып шұғыл түрде жасалады.  

Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап отыр. Соңғы тәулікте ПТР-тесттің оң нәтижесімен 4 810 жағдай және ПТР-тесттің теріс нәтижесімен 79  жағдай тіркелді. 1 қаңтардан бастап репродуктивті сан  2,4 есеге өсті, - деді Ажар Ғиният.

Сондай-ақ эпиджағдайды бағалау матрицасына тоқталған министр еліміздің «қызыл» аймақта екендігін алға тартты.

Эпиджағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймақта – Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан,  Шымкент, Алматы қалалары және Атырау облысы, «сары» аймақта 6 өңір – Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстары орналасқан. Қалған 7 өңір «жасыл» аймақта, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін ведомствоның жаңа басшысы елімізде коронавирусты емдеу хаттамасына жаңа препараттар енгізілетінін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы