Дрон Ирак премьер-министріне шабуыл жасады

7 Қараша 2021, 12:14
1059
Бөлісу:
Дрон Ирак премьер-министріне шабуыл жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ирак премьер-министрі Мустафу әл-Казимидің резиденциясы ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылына ұшырады. Бұл туралы korrespondent.net хабарлады.

Резиденцияға жасалған шабуыл нәтижесінде саясаткер зардап шеккен жоқ, соған қарамастан тексеру үшін ауруханаға жатқызылды.

Шабуыл салдарынан бірнеше күзетшінің жараланғаны белгілі.  Ақпаратқа сәйкес ұшқышсыз ұшу аппаратына тосқауыл жасалды.

Бұған дейін Ирак астанасы Бағдадта қарашаның 5-і күні өткен наразылықтар нәтижесінде жүзден астам адам жуырда өткен парламенттік сайлаудың нәтижесіне наразылық танытқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы