Дрифт жасаған қарағандылық 80 мың айыппұл арқалады

6 Сәуір 2023, 20:14
633
Бөлісу:
Дрифт жасаған қарағандылық 80 мың айыппұл арқалады
VIDEO
Фото: fams.kz

Кеше әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы сауда орындары бірінің алдында көлікпен дрифт жасаған адамның бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

5 сәуір күні облыстағы танымал әлеуметтік желілердің бірінде Қарағандыдағы сауда орындарының бірінің алдында, жол жүру ережесін өрескел бұзып, көлікпен дрифт жасап, өзіне және айналасындағыларға қауіп төндірген Lexus IS 300H автокөлігі жүргізушісінің бейнежазбасы жарияланды.

Жүргізуші осы әрекеті арқылы өзіне және айналасындағыларға қауіп төндіргені туралы еш ойланбаған.

Бейнежазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Тәртіп сақшылары көлік жүргізушісін анықтады.

27 жастағы көлік жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабы 1-тармағы, 596-бабының 1-тармағы және 601-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, 23 АЕК мөлшерінде (79 350 теңге) айыппұл салынды, - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы