"Достық – Мойынты" құрылысында 1 мыңға жуық жолшы еңбек етіп жатыр

19 Қазан 2023, 19:47
752
Бөлісу:
"Достық – Мойынты" құрылысында 1 мыңға жуық жолшы еңбек етіп жатыр
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

"Достық – Мойынты" құрылысына 520 астам техника мен 1000 жуық адам тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚТЖ басшылығы "Достық – Мойынты" теміржол учаскесінде екінші жолдардың салыну барысын тексерді.

Жұмыс сапары кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақтылы орындау бойынша міндеттер белгіленді. Ұзындығы 836 км екінші жолдарды салу мерзімі мен сапасының сақталуына қатаң бақылау жүргізу тапсырылды.

"Достық – Мойынты" құрылысында 1 мыңға жуық жолшы еңбек етіп жатыр

Бүгінгі таңда учаскенің 70% – белсенді құрылыс кезеңінде. Аралықтарда бір мезгілде жер төсемі төгіліп, көпірлер салынуда, су өткізетін құбырлар қойылып, жоғары вольтты желілерге арналған тіректер орнатылуда. 255 км рельсті шпал торы жиналды, олар жер төсемі дайын болған кезде екінші жолға қойылады, - делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір арнайы техника көмегімен Бүйрек, Көкдомбақ, Ақжайдақ, Ащыөзек, Жайпақ, Ақши және т. б. станцияларда екінші жолдың 85 км және 18 бағыттамалық бұрмаларды төсеу аяқталды.

Нысанда 1000 жуық жұмысшы жұмыс істейді және 520 астам түрлі техника жұмылдырылған.

"Достық – Мойынты" құрылысында 1 мыңға жуық жолшы еңбек етіп жатыр

Құрылысты 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Қосымша жолдарды ашу есебінен Достық – Мойынты учаскесінің өткізу қабілеті бес есеге артады. Бұл отандық өнімнің үздіксіз экспортын және Қытай – Еуропа – Қытай жүктерінің транзитін қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы