Досаев Райымбек даңғылындағы жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу барысымен танысты

19 Қазан 2023, 16:57
630
Бөлісу:
Досаев Райымбек даңғылындағы жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу барысымен танысты
PHOTO
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданында жұмыс сапары барысында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Райымбек даңғылындағы жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу барысын көзбен көрді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мегаполис басшысы көпірдің жабындысын, баспалдақтарын көріп, қала тұрғындары үшін құрылыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атады.

Жалпы ұзындығы 50 метр болатын көпір құрылысы Жетісу және Алмалы ауданын жалғайды. Көпір 70-ші жылдары салынып, жүк вагондары үшін тұйық ретінде қолданылған, кейін жаяу жүргіншілер жүре бастады.

Досаев Райымбек даңғылындағы жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу барысымен танысты
Досаев Райымбек даңғылындағы жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу барысымен танысты

Жетісу ауданының әкімі Гүлнәр Көкебаева «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жақын маңдағы үйлердің тұрғындары өткелді жөндеуге бастамашы болғанын жеткізді. Көпірдің Райымбек даңғылында екенін ескерсек, бұл ұсынысты дауыс беру кезеңінде ауданның басқа тұрғындары да белсенді қолдаған.

Жөндеу жұмыстарын «Lux-stroy Group» ЖШС мердігерлік ұйымы биыл 1 қыркүйекте бастады, жоба құны 45 млн теңге. Қазір қауіпті қоршау жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін берік қоршауға ауыстырылды, рельстер сақталып, гүлзарлар үшін пайдаланылды. Жақын аумақты көгалдандыру аясында 9 туя мен 65 арша отырғызу көзделген. Жұмыс осы жылдың 1 қарашасында толық аяқталады. Қала басшысы аудан тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Бөкейханов көшесіне параллель жаяу жүргіншілер аймағын ұзартуды тапсырды. Бұл ретте, қауіпсіздік толық көлемде қамтамасыз етілуі тиіс, - деп атап өтті Ерболат Досаев. 

Досаев Райымбек даңғылындағы жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу барысымен танысты

Мегаполис басшысы аудан әкіміне жарықтандыруды жолға қоюды, жол төсемін ретке келтіріп, өткелді мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлауды тапсырды.

Досаев Райымбек даңғылындағы жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу барысымен танысты

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша биыл Жетісу ауданында 40 жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде аулаларды, гүлзарлар мен саябақтарды абаттандыру және т.б. жобалар бар. Барлық жобаны биыл қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарға енген.

Досаев Райымбек даңғылындағы жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу барысымен танысты

Алматыда 2023 жылдың 13-23 қазан аралығында budget.open-almaty.kz порталы арқылы аудан әкімдіктері 2024 жылы жүзеге асыратын «Халық қатысатын бюджеттің» үздік жобалары үшін дауыс беру жалғасып жатыр. Тұрғындардан келіп түскен 2213 жобалық ұсыныс қарастырылады. Жетісу ауданында абаттандыру және дамыту бойынша бастаманы 84 тұрғын көтерген. Алматыда тұрақты тіркелген әрі кәмелетке толған тұрғындар дауыс беруге құқылы. Кеңесті аудандық әкімдіктерден немесе Open Almaty әкімдігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінен 224 39 29 (ішкі. 203, 127) алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы