Досаев Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

4 Ақпан 2022, 10:15
1831
Бөлісу:
Досаев Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мегаполис басшысы Қоғамдық кеңес мүшелерімен Алматыны дамыту мәселелерін, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешудің тиімділігін арттыру мақсатында алдағы өзара іс-қимылды талқылады. 

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникация қызметіні хабарлады.

Кездесуде ауаның жоғары ластануы, көлік жолайрықтары, мектеп орындарының тапшылығы, агломерация, жерді игеру, қаланың бас жоспарына түзетулер енгізу және т.б. тақырыптар көтерілді. Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшелері әкімге мегаполисті одан әрі дамытуға қатысты өз ұсыныстарын айтты.

Сұрақтар көп, олардың барлығы шынымен де маңызды, бірақ жүйелі әрі жоспарлы әрекет ету керек. Әкімдік орта шұғыл перспективада қаланы дамытуда кешенді тәсілге сүйенетін болады, – деді Алматы әкімі.

Кездесу қорытындысы бойынша осындай талқылауларды тұрақты негізде өткізу туралы шешім қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы