Досаев қымбаттайтын өнімдерді атады

14 Қыркүйек 2021, 10:35
5366
Бөлісу:
Досаев қымбаттайтын өнімдерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтты.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың инфляциясы тамызда 7,3%-ды құрап, 0,1 пайызға өсті. Өндірушілер бағасының өсуі және сұраныстың қалпына келуі аясында жанар-жағармай бағасының өсуі жалғасуда, бұл киім-кешек және аяқ киім бағасының да өсуін жеделдетеді. Олардың азық-түлікке жатпайтын инфляцияға үлесі осы жылдың мамыр-тамыз айларында 0,94 пайызды құрады, - деді ол.

Ол атағандай, ақылы қызметтер инфляциясы биылғы тамызда 6,6%-ға дейін 0,5 пайызға өсті.

Шекті тарифтердің көтерілуіне байланысты электр энергиясы бағасының өсуі 10,1%-ды құрады. Сұранысты қалпына келтіру аясында тұрғын үйді жалға алу бағасы, қоғамдық тамақтану, газ және жолаушылар әуе тасымалы бағасы өсті. Жыл соңына қарай инфляция 7,5%-8,5% дәлізінде қалыптасады деп күтуде, оның төменгі шекарасы инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асыруды ескере отырып айқындалған, - деді Досаев.

Өзгелердің жаңалығы