Досаев кәріз жүйесін тартуда қандай қиындықтар барын атады

28 Сәуір 2022, 15:27
1586
Бөлісу:
Досаев кәріз жүйесін тартуда қандай қиындықтар барын атады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында аталған ауданды сапалы ауыз сумен, канализациямен және жолдармен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

Әкімнің айтуынша, Алатау ауданы 75% орталық сумен жабдықтау желісімен және 67% кәріз желісімен, сондай-ақ 80% асфальтты жолдармен қамтамасыз етілген.

Биыл Алғабас шағын ауданында су құбыры мен канализация желісінің І-ІІ кезегі пайдалануға беріледі. Үшінші тоқсанда Алғабас шағын ауданында ІІІ кезек және Теректі шағын ауданында желілер құрылысы басталады,-деді әкім.

Сонымен қатиар ол осы жылдың сәуір айында «Керегетас Компани» жобаны орындаудың мүмкін еместігін ресми түрде мәлімдеп, одан әрі іске асырудан бас тартқанын жеткізді. Әкімнің тапсырмасы бойынша «Алматы Су» кәсіпорны ақаулық актісін жасаған. Бұл құжаттардың болуы жылу беру маусымы басталғанға дейін барлық қажетті жұмыстарды аяқтауға мүмкіндік бермек.

Әкім сондай-ақ Алатау ауданы аумағына 18 кәріз-сорғы станциясын салу қажет екенін жеткізді. Жеке тұрғын үй салу кезінде құрылыс салу нормаларын сақтамау және құрылыстың тығыз салынуы кәріз-сорғы станцияларын салу кезінде қосымша қиындықтар туғызған.

Аудан тұрғындары жолға асфальт төсеу мәселесін жиі көтереді. Бір жолды екі рет қазып, қайта салу тиімсіз екенін әкім қосымша айта кетті. Енді сумен жабдықтау және канализация желілері пайдалануға берілгеннен кейін ғана асфальт төселмек.

Өзгелердің жаңалығы