Досаев Алматының индустриалды аймағына барды

8 Сәуір 2022, 14:56
1725
Бөлісу:
Досаев Алматының индустриалды аймағына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала басшысы Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автомобиль шығаратын зауыттың жұмысымен танысты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпорында ірі торапты және ұсақ торапты автомобильдер құрастырылады. Жұмыс құрамына бөлшектерді дәнекерлеу, бояу, интерьерді орнату кіреді.  

Ерболат Досаевқа зауыттың жаңа жобасы таныстырылды. Кәсіпорын орындықтар, автомобильдерге арналған пластикалық бөлшектер мен аксессуарлар, сондай-ақ мультимедиялық жүйелер шығаратын болады. Зауыт құрылысы биылғы жылдың күзіне жоспарланған. Бұдан басқа, халықаралық серіктестермен шанақ бөлшектерінің штамптау өндірісін құру туралы келіссөздер жүргізілуде. 

 Алматы әкімі сондай-ақ жобалық қуаты жылына 100 мың тонна өнім шығаратын үлкен диаметрлі Asia Steel Pipe Corporation болат дәнекерлі құбырлар шығаратын зауытқа барды. Жақын шетелдерге экспорттау мүмкіндігі бар.  

Valtherm – алюминий және биметалл радиаторлар өндіретін салынып жатқан зауыт. Қуаттылығы жылына 20 млн бірлік өнім. Ресейге экспорттау жоспарлануда.  

BRB APК жылыжай кешенінің қуаттылығы жылына 7,2 мың тонна көкөніс. Қазақстандық өткізу нарығынан басқа, компания Ресей мен БАӘ-ге өнім жеткізеді.   Жалпы алғанда, бұл жобаларға 71,5 млрд теңге инвестиция салынып, 1200-ден астам жұмыс орны ашылды.

Өзгелердің жаңалығы