Допингпен ұсталған отандық спортшыларымыз сыйға тартылған пәтерлерін қайтарады

18 Қыркүйек 2019, 17:14
2135
Бөлісу:
Допингпен ұсталған отандық спортшыларымыз сыйға тартылған пәтерлерін қайтарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаттары дене шынықтыру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген бірқатар түзетулерді қабылдады.

ҚР Парламенті Мәжілісі бірқатар допингке қарсы шараларды қарастыратын "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.

"Допингке қарсы ережелер бұзылған жағдайда мынадай шаралар қолдану көзделеді: дисквалификация жасалады, спорттық нәтижесі жойылады, ай сайынғы ақшалай қамту тоқтатылады, құрама және штаттық командалардың құрамынан шығарылады, спорттық атағынан, разрядтан, біліктілік санатынан айырылады, сондай-ақ сыйға тартылған ақшалай ынталандыру мен тұрғын үйді қайтарады. Сонымен қатар, допингті пайдаланғаны немесе қолдануға әрекет жасағаны үшін 200 АЕК (505 мың теңге) көлемінде әкімшілік жауапкершілік енгізіледі", - деді депутат Наталья Жұмаділдаева.

Оның сөзінше, сонымен қатар бұл ретте, лауазымды тұлғаларға Еңбек заңнамасына сәйкес ықпал ету шаралары қолданылатын болады.

"Сондай-ақ, допингке қарсы күрес жүргізетін Қазақстанның жетекші ұйымы ретінде Ұлттық допингке қарсы ұйымның құзыретін анықтайтын түзетулер енгізілді", - деп сөзін түйіндеді депутат.

Өзгелердің жаңалығы