Донор күні: өскемендіктер қан тапсырып, екі күн демалыс алады

<h4> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде қан тапсырып, екі күнге дем алуға болады. Сондай-ақ мың теңге сыйақы беріледі. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды. </h4>

 7 Тамыз 2019 2019, 13:36
7 Тамыз 2019 2019, 13:36
3176

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде қан тапсырып, екі күнге дем алуға болады. Сондай-ақ мың теңге сыйақы беріледі. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

Осындай ерекше акцияны Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы Донор күніне орай арнайы өткізіп отыр. Қатысуға ниет білдірушілер 7 тамыз күні сағат 9.00-14.00 аралығында Протозанов көшесі, 7 мекенжайынан табылуы тиіс.

«Қан тапсырғаннан кейін донорларға екі күнге анықтама және 1000 теңгеге қоса беріледі. Сондай-ақ бұл күні донорлар тегін анализ тапсырып, өздерінің қан тобы мен резус-факторын біле алады. Ал қажет болған жағдайда зертханалық зерттеулер туралы ресми анықтама ала алады», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Наверх