АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен соғыс жақын арада аяқталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Иран аумағында соққы жасайтын нысандар іс жүзінде қалмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Ақ үй басшысы операцияны өзі қалаған кезде аяқтауға болатынын да айтты.
Бұған дейін Ислам революциясы сақшылар корпусы қолбасшысының орынбасары, генерал Али Фадави АҚШ басшысы Иранмен бітімге келу үшін делдалдар іздеп жатқанын мәлімдеген еді.