Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды

30 Қыркүйек 2020, 18:17
2129
Бөлісу:
Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Astana Opera сахнасында тұңғыш рет қойылғалы отырған екі бөлімді опера-буффаның негізгі премьерасы 1843 жылы 3 қаңтарда Париждегі италиялық театрда өткен.

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

2-3 қазан күндері Қазақстанда алғаш рет Astana Opera театрының камералық залы сахнасында италиялық композитор Гаэтано Доницеттидің атақты «Дон Паскуале» операсының тұсауы кесілмек. 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

«Дон Паскуаледе» барлығы бар – махаббат та, қулық пен қатал ойын да, тапқыр шешім де, киім ауыстырумен байланысты күлкілі жағдайлар да, түңілу мен әшкерелеу де көрініс тапқан. 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Операдағы іс-әрекет ХІХ ғасырдың басындағы жайды баяндайды.

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Туындының қоюшы-дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин бұл операның оркестрлік құрамы пандемия жағдайына байланысты мейлінше қысқартылғанын айтты.

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Негізі Доницетти бұл қойылымның оркестрлік партитурасын ірі құрамға арнап жазған. Мысалы, түпнұсқалық музыканттар құрамында тубалар, тромбондар бар. Жалпы, оркестр құрамы 60 адамнан кем болмауы керек. Бірақ, еліміздегі, жалпы әлемдегі соңғы жағдайларға байланысты, карантиндік талаптарды мұқият сақтай отырып, оркестр камералық залға еркін сиятындай, құрам санын қысқарттық. Пандемия аяқталғанға дейін біз көрерменді барынша қуантуға тырысамыз, - деді ол. 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Ол сонымен қатар, алдағы уақытта театрдың үлкен залында қойылатын қойылымдар аз емес екенін жеткізді. 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Бұл премьера ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Былтыр дәл осы камералық залда Джоаккино Россинидің «Жібек саты» атты қойылымын көрерменге ұсынған едік, ал келер жылы  Доменико Чимарозаның «Құпиялы неке қию» операсын ұсынбақ ниеттеміз. Жалпы, алдағы уақытта театрымыздың үлкен залында қойылатын қойылымдар аз емес, оның ішінде Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» операсы, Сыдық Мұхамеджановтың «Айсұлу» операсы, Тілес Қажығалиевтің «Дала аңызы» балеті, Микаэл Таривердиевтің «Граф Калиостро» операсы, Гаэтано Доницеттидің «Махаббат сусыны» операсы бар, - дейді дирижер. 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Қойылымның көркемдік жетекшісі Алла Симонишвилидің айтуынша, «Дон Паскуаленің» ең танымал әрі репертуарлық спектакльдердің бірі болуы бекер емес. 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Драматургиялық жинақылығы, әр кейіпкердің музыкалық мінездемесімен қабыса келе, терең әзілмен өрілген, құлаққа жағымды мәтін көрерменнің қойылымның күйі мен ырғағына «жеңіл сіңісіп кетуіне» мүмкіндік береді.

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Композитор адам дауысы мен оркестр дыбысының әр алуандығын өз деңгейінде тамаша пайдаланған. Опера партитурасында – арияларда, дуэттерде, ансамбльдерде вальстің ырғағы басым, бұл да әрине, кездейсоқ емес. Вальсті барлық жаңа тұлға, тағдыр, тарих тартылып кете баратын өмірдің шексіз иірімі ретінде қарастыруға болады. Дон Паскуаленің оқиғасы әдеттегідей қарапайым болғанымен, әмбебап. Автор операсын бекерге drama buffa (күлкілі драма) деп атамаса керек. Ол осы арқылы ізгілікке бастамайтын мақсатқа қол жеткізу жолын іздеп жүрген кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынастың көпқырлылығын көрерменге баяндау арқылы операның комедия емес, сатиралық қырын айрықша көрсеткен, - деді ол.  

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Спектакльдің безендірілуіне арт-нуво (art nouveau) және модерн стилі арқау болған. 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Сценограф әрі костюмдер бойынша суретші Манана Гуниа «Дон Паскуале» бойынша жұмыс істеу зор қуаныш сыйлағанын айтады.

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Себебі, аталмыш операның өзі оны жан-жақты, түрлі қырынан ұсынуға мүмкіндік береді. Дон Паскуаленің бейнесі жаңа қырынан ұсынылған. Ол күлкілі қарт емес, ол егде тартқан ақсүйек «арыстан». Оның костюмдері қатаң эдвардиан стилінде жасалған және кейіпкердің сырбаз сымбатын аша түседі. Хор мен миманс та маңызды рөл атқарады, әр әртістің комтюмі – жеке-дара мінез. Сондықтан, еркін көсіліп, шығармашылықпен айналысуға берілген мүмкіндік үшін өте қуаныштымын, - дейді ол.  

 

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Айта кетейік, премьера 2-3 қазан күндері 19.00 және 18.00-де өтеді.

Astana Opera маусымды «Дон Паскуале» премьерасымен бастайды


 

Өзгелердің жаңалығы