Dombyra party: Ақтөбеде бір мезетте 6 000 бала домбыра тартты

1 Мамыр 2023, 16:26
907
Бөлісу:
Dombyra party: Ақтөбеде бір мезетте 6 000 бала домбыра тартты
Фото: Ақтөбе облысының баспасөз қызметі

Бүгін Ақтөбе өңірінің барлық ауданында және облыс орталығында Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған «Ел бірлігі: қасиетті домбыра» атты Dombyra party іс-шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерекелік іс-шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, қоғам өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Өңір басшысы Қазақстан халқының бірлігі күні достықты, патриотизм мен бейбітшілікті насихаттайтын мереке екенін атап өтті.

Dombyra party: Ақтөбеде бір мезетте 6 000 бала домбыра тартты

Біздің тәуелсіздігіміз бірлікпен, қоғамдық келісіммен және тұрақтылықпен тығыз байланысты. Бірлік күнінде ұйымдастырылған «Ел бірлігі: қасиетті домбыра» іс-шарасын өткізуіміз өте символдық мәнге ие. Өйткені домбыра - қазақ халқының музыкалық мәдениетінің басты символы. Ұлы даланың ұлттық аспабының үні Ақтөбе шаһарына, барлық аудан орталықтарына жеткізілді. 6 000 бала қазақ халқының көрнекті композиторларының өлмес шығармаларын бір мезетте орындау арқылы ұлттық музыкалық аспапқа деген сүйіспеншілігін көрсетті. Бұл үшін көп рахмет. Осындай өскелең ұрпағы бар Қазақстанның болашағы зор, - деп атап өтті өңір басшысы.

Dombyra party: Ақтөбеде бір мезетте 6 000 бала домбыра тартты

Ақтөбеде Dombyra party акциясы Өнер орталығынан бөлек, Шығармашылық академиясы ғимараты алдында, Есет батыр шағын ауданының Есетбатыр ескерткіші жанындағы алаңы секілді бірнеше жерде бір мезгілде өтті.

Іс-шараға қатысушылар А.Жұбановтың «Би», Құрманғазының «Балбырауын» және Ә. Желдібаевтың «Еркесылқым» күйлерін орындады.

Өзгелердің жаңалығы