Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жас режиссер Рамазан Халиолланың қысқаметражды "Домбыра" фильмі Нью-Дели қаласында өткен 8-ші Халықаралық қысқаметражды фильмдер кинофестивалінде (Delhi Shorts International Film Festival) "Үздік фильм" жүлдесін жеңіп алды.
"ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильмнің" "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігі түсірген бұл фильм домбыраның құлағында ойнап, үлкен сахнада өнер көрсетуді армандаған Әсет есімді баланың өмірінАйта кетсек, аталған кинотуынды биыл Алматыда өткен IV Халықаралық Baiqonyr ISFF кинофестивалінің конкурстан тыс бағдарламасында көрсетіліп, "Бродвейдің таңдауы" сыйлығын алған.
баяндайды", - делінген хабарламада.
Нью-Делидегі DSIFF халықаралық кинофестивалі алғаш рет 2012 жылы өткен болатын. Ұйымдастырушысы – Miniboxoffice үнді компаниясы.
Биыл фестивальдің халықаралық қазылар алқасын испан режиссері Виктор Мануэль Лопесмуньос басқарды.
Сонымен қатар, қазылар алқасы құрамында: продюсер Виктория Сил (Жапония), режиссер Ракел Руиз (Аргентина), режиссер Прашант Сегал (Үндістан) болды.