Доллардың индексі әлсірей береді – Әлия Молдабекова

14 Қаңтар 2021, 00:10
2047
Бөлісу:
Доллардың индексі әлсірей береді – Әлия Молдабекова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы валюта нарығындағы 2020 жылдың қорытындылары және өткен жылды сипаттайтын жаһандық оқиғалар туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова баяндамасында айтты.

Біріншіден, әлемдік экономистердің болжамындағы оптимизмнің басты факторы – вакцина. Көптеген сарапшылар дамушы елдердің экономикасы дамыған елдердің экономикасынан озады, капитал ағымы қалпына келіп, АҚШ долларының индексі әлсірей береді деп болжап отыр. Мысалы, осы жылдың қаңтар айында шыққан Дүниежүзілік банктің жаңарған болжамына сенсек, 2021 жылы әлемдік ЖІӨ өсімі 4,0% болады. АҚШ-тағы 3,5%, Еуроаймақтағы 3,6%, Жапониядағы 2,5% болжамды өсімді есепке алғанда, дамыған экономикалардағы ЖІӨ өсімі 3,3% деңгейінде болады деген болжам бар. Дамушы елдердегі экономикалық өсім шамамен 5% құрайды. Дамушы елдер арасында қалпына келу қарқыны тез елдер арасында Қытай (7,9%) мен Үндістан (5,4%) және Аргентина (4,9%) бар – дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, АҚШ-тағы саяси жағдайлар әлемдік экономикаға әсер етуі мүмкін.

Екіншіден, АҚШ Сенатынағы демократтардың жеңісі мен қосымша ынталандыру шаралары қабылданады деген болжам 2021 жылы АҚШ экономикасының өсім қарқының болжамын арттырады. Сонымен қатар, 2022 жылдың соңына дейін АҚШ-тағы ставкалар төмен деңгейінде сақталады деген Федералды резерв жүйенің (ФРЖ) бағасы мен әлемдік экономиканың тез қалпына келуі АҚШ долларының курсы сияқты, белгісіздік кезеңінде сұранысқа ие болатын қауіпсіз активке қысым көрсететін факторлар болады. Үшіншіден, Сovid-19 дейін мұнай ұсынысы мұнай нарығындағы бағаның драйвері болса, қазір, бірлескен шектеу шараларына байланысты, отынның сұранысын ереже бекітеді. Сондықтан, бүкіл назар коронавируспен байланысты жағдайдың тұрақталуына қарай ауады. Кейбір экономистердің есебіне сенсек, халықтың жүріп-тұруын пандемияға дейінгі деңгейге түсіру үшін әлем халқының 60% вакцина салдыруы керек. Вакцина таралып, қолдану аясы кеңейген кезде, экономистер мұнай сұранысы қалпына келіп, мұнай бағасы тиісінше қымбаттайды деген болжам жасап отыр – дейді банкир.

Алайда, мұнай бағасы қашан қалпына келеді дегенге қатысты сарапшылардың пікірі екіге жарылып отыр.

Мысалы, Goldman Sachs мұнай бағасы бір барреліне 65 доллар болатын кез 2021 жылдың соңында туады десе, JPMorgan бір баррель мұнай 65 доллардан асатын уақыт 2022 жылдың ортасына қарай келеді деп санайды. 2020 жыл 2007 жылғы әлемдік қаржы дағдарысынан кейінгі ең ауыр жыл болды. Тұтас нарық 2021 жылы эконика қалпына келе бастайды деген оптимистік болжамдарын абайлап айтып отыр. Жалпы, дамушы нарықтарға қатысты, ішінара, теңгеге қатысты біздің болжам жағымды сипатқа ие. Вакцинацияның кідірісімен, ОПЕК+ іс-қимылдарының келісімі мен Covid-19 жұқтырғандар саны көбейіп жатқанымен байланысты тәуекелдерге қарамастан, дамушы нарықтар өзінің тартымдылығын сақтап отыр – дейді Әлия Молдабекова.
Өзгелердің жаңалығы