Қазақстандық қор биржасында күндізгі сауда нәтижелері бойынша доллардың орташа есеп бағамы 515,97 теңге болып, 4,14 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
5 ақпандағы Ұлттық банктің ресми бағамы 520,27 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Алматыдағы айырбастау пунктерінде қазіргі кезде долларды сатып алу орташа есеппен 517,08 теңге, сату – 519,22 теңге.
Астанада айырбастау пунктері долларды орташа есеппен 515,58 теңгеге сатып алып, 521,58 теңгеден сатып жатыр.