Дохада спорттық гимнастикадан лицензиялық әлем кубогі өтеді

4 Маусым 2021, 01:40
1026
Бөлісу:
Дохада спорттық гимнастикадан лицензиялық әлем кубогі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) спорттық гимнастикадан соңғы лицензиялық турнирдің өтетінін растады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Лицензиялық әлем кубогі кезеңі Катар астанасы Дохада өтеді. Турнир 23-26 маусымға жоспарланған.

Айта кетелік, соңғы лицензиялық турнирге Қазақстан командасы да қатысады. 

Өзгелердің жаңалығы