Дмитрий Попко Түркиядағы турнирдің чемпионы болды

11 Желтоқсан 2023, 20:18
529
Бөлісу:
Дмитрий Попко Түркиядағы турнирдің чемпионы болды
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық, әлемнің 504-ракеткасы Анталия (Түркия) ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингте 728-орында тұрған өзбекстандық Сергей Фоминмен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Дмитрий Попко тартысты матчта 6:4, 3:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Анталия жарысы қазақстандық теннисші үшін сәтті аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы