ДКО. Ел құрамасы көкпардың екі түріне қатысады

ДКО. Ел құрамасы көкпардың екі түріне қатысады
654

29 қыркүйек пен 4 қазан аралғында Түркияның Изник қаласында өтетін IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпар, қазақ күресі, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату спорт түрлері бойынша қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

IV ДКО-ға еліміз көкпаршыларынан көкпардан (шеңбер) және көкбөріден (қазандық) екі құрама жасақтады.

Көкпардан сынға түсетін шабандоздар:

Ұлан Байтөреев - 28.11.1979. (Атырау облысы)

Абылайхан Нышанбеков - 18.11.1994. (Түркістан облысы)

Құрманбек Тұрғанбек - 18.04.1997. (Жамбыл облысы)

Ынтымақ Әліпбаев - 01.05.1990. (Атырау облысы)

Құлажан Тоғайбаев - 14.04.1987. (Жамбыл облысы)

Бақытжан Әзімбай - 19.06.1993. (Атырау облысы)

Дәулет Айтан - 31.08.1995. (Түркістан облысы)

Арман Жамалбеков - 20.08.1992. (Түркістан облысы)

Есжан Құрманбай - 02.07.1993. (Жамбыл облысы)

Ислам Рәт - 15.12.1993. (Жамбыл облысы)

Айнабек Бердіқұл - 20.11.1997. (Жамбыл облысы)

Әділет Мамыт - 09.09.1997. (Түркістан облысы)

Бұған дейін халықралық және әлемдік турнирлерде көрсетілім ретінде ғана ойналатын қырғыздың ұлттық ойыны Көкбөрі биыл ДКО-ға ресми тіркелген болатын. Осыған байланысты біздің ел де өз құрамасын дайындады. 

Ендеше таныс болыңыздар, халықаралық дәрежеде қауіпті ойын саналған көкбөріден ел намысын қорғайтын ұлттық құрама мүшелері:

Манарбек Дүйсенбиев - 09.01.1976. (Жамбыл облысы)

Абылай Қарқабат - 21.08.1994. (Түркістан облысы)

Ернат Мәлімбай - 08.01.2000. (Жамбыл облысы)

Мәді Сейділлә - 19.05.2002. (Алматы облысы)

Бақытжан Сайдолданов - 30.03.1995. (Алматы облысы)

Тахир Жұмашев - 17.01.2000. (Атырау облысы)

Алмат Жүнісов - 18.01.1995. (Қызылорда облысы)

Ерғалым Жақсылық - 19.05.2002. (Жамбыл облысы)

Елдос Асыл - 14.11.1993. (Жамбыл облысы)

Темірлан Сейітбеков - 07.09.1992. (Алматы облысы)

Қайыржан Сүлейменов - 13.02.1988. (Алматы облысы)

Ернар Жарылқасын - 11.03.1998. (Жамбыл облысы)

Алдағы жарыста ел намысын қорғауға құрама толық дайын. Биыл еліміз қырыздың ұлттық ойыны көкбөрі бар. Біз оған да дайынбыз. Жеңіс тұғырынан көрінуге дайынбыз - дейді  «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК директоры Бақдәулет Сәбитов.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы