Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты.
Дизель отыны нарығында бөлшек сауда субъектілеріне қатысты 12 тергеу жүргізілуде. Оның ішінде 4 ірі компания – «Гелиос» ЖШС, «Sinooil» ЖШС, «Газпромнефть-Қазақстан» ЖШС, «PetroRetail» ЖШС.Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» тапсырмасына сәйкес 180 күнге уақытша негізде шекті бағалар белгіленді, - деді ол.
Жұманғарин атағандай, Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге, Агенттік сұйытылған мұнай газына (автогазға) әкімшілік бірліктердің қашықтығын ескере отырып батыс 50 теңге, оңтүстік -60 теңге, солтүстік-шығыс-60-70теңгеге орнатты.
Агенттік күн сайын сұйытылған мұнай газының өткізу бағаларына мониторинг жүргізеді, уақытша шекті бағадан асып кету фактілері анықталған жағдайда бағаны төмендету қажеттігі туралы нұсқама жібереді, орындалмаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушық кодексінің 162-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылады.Өз кезегінде баға ауытқулары мен экономикадағы қолайсыз үрдістер жағдайында Агенттік уақытша шара ретінде жекелеген тауар нарықтарында мемлекеттік баға реттеуді белгілеуге құқылы және дайын, - деді ол.
Сондай-ақ Жұманғарин Энергетика министрлігімен бірлесіп газ өндірушілермен ескі және жаңа көтерме баға арасындағы айырмашылықты бөлшек газ сатушыларға өтеу туралы келісімге қол жеткізілгенін айтты.