Дизель отыны шаруаларға арзандатылған бағамен берілді – АШМ

25 Мамыр 2022, 14:12
1654
Бөлісу:
Дизель отыны шаруаларға арзандатылған бағамен берілді – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек мәлімдеді. 

Сондай-ақ ол фермерлерді қамтамасыз етудің жекелеген бағыттарына тоқталып өтті. 

Биыл егіс жұмыстарын жүргізуге ақпан-маусым айларына 400 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мың тоннаға артық. Жеткізу, сақтау және сату бойынша облыс операторларының шығыстарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орташа баға 200 теңге/литрді құрайды. АЖҚС-та баға 230-дан 260 теңге/литрге дейін жететінін ескерсек, бұл орташа алғанда 15%-ға арзан. Қазіргі уақытта бекітілген кестеге сәйкес аграршыларға отын жөнелтуді жүзеге асырылып жатыр, - деп атап өтті вице-министр.

Мәлімдеуінше, есептік деректерге сәйкес, тұқым себу жоспардан 100% жүзеге асырылған.

Айта кетерлігі, тұқым сараптамасы жүргізілді. Оның 99%-ы кондициялы деп танылды. 90,6%-ы егіс стандартының 1 және 2 класына сәйкес келеді, - деді ведомство басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін биыл еліміздегі егістік алқаптарының көлемі ұлғайтылғаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы