Бүгін, 24 маусымда Бішкекте түркі әлемінің ортақ мұрасы - "Диуани лұғат-ат-түрктің 950 жылдығы" атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шараны Түркі академиясы Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғары кеңесі жанындағы Түрік тілі қоғамымен бірлесіп, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Шыңғыс Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының қолдауымен ұйымдастырды.
Конференцияда Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түркия елдерінен келген түркітанушылар автордың өмірбаяны, "Диуани лұғат-ат-түрк" туындысының жазылу мақсаты, шығарманың тілі, сонымен қатар еңбекте қамтылған тарихи-этнографиялық мәліметтер мен әдеби материалдар секілді ғылыми мәселелерді талқылады, - делінген Түркі академиясының хабарламасында.
Сондай-ақ Түркі акадмиясының президенті Шаһин Мұстафаев бүгінгі жиында оқылған баяндамалар арнайы жинақ болып шығарылатынын айтты.