«Disney» әйгілі туындылары алғаш рет қазақ тілінде сөйлейді

14 Наурыз 2021, 19:54
2660
Бөлісу:
«Disney» әйгілі туындылары алғаш рет қазақ тілінде сөйлейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Marvel» мен «Disney» әйгілі туындылары алғаш рет қазақ тілінде сөйлейді.

Әлемдік кассалық анимациялық мультфильмдер мен көркем фильмдердің ең танымал кейіпкерлері қазақша сөйлейді. «Marvel» мен «Disney» компаниясының әйгілі туындыларын «Qazaqstan» телеарнасы дубляждап шықты.

Қазір «Чёрная пантера» - «Қара қабылан», «Мстители: Война бесконечности» - «Кек алушылар: шексіздік соғысы», «Человек-муравей и Оса» - «Құмырсқа адам және Сона», «В поисках Дори» - «Дориді іздеуде», «Суперсемейка 2» - «Суперотбасы 2», «Книга джунглей - Джунгли кітабы», «Тачки 3» - «Көліктер-3», «Большой и добрый великан» - «Мейірімді дию», «Планета сокровищ» - «Қазыналы ғаламшар», «Лис и пес» - «Түлкі мен ит», «Большое путешествие» - «Ғажайып саяхат», «Спасатели в Австралии» - «Ержүрек құтқарушылар», «Красавица и чудовище» - «Сұлу мен құбыжық», «Бэмби», «Золушка» - «Күлшеқыз», «Спящая красавица» - «Ұйқыдағы ару», «Книга джунглей» - «Джунгли кітабы», «Леди и Бродяга» - «Бикеш пен қаңғыбас» көркем және анимациялық фильмдері эфирден ұсынуға әзір. 

Басты мақсат – әлемдік премьераларды қазақстандық көрермендерге ана тілінде тамашалауға мүмкіндік беру. Осы мақсатта «Marvel»  және «Disney» компанияларының ең танымал өнімдері сатып алынды. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы әлемдік туындыларды аудару үрдісін жалғастырады. Қазіргі кезде «Disney» компаниясымен кезекті келісімшарт пакеті жүргізіліп жатыр. Әлемдік мультипликациялық блокбастерлер мен көркем фильмдерді қазақ тілінде ұсыну аясында  жаңа жылдан бастап «Қазақстан» корпорациясы BBC телеарнасының ең таңдаулы деректі фильмдерін қазақ тіліне аудара бастады. BBC өнімдері «Qazaqstan» және «Abai tv» арналарының бағдарламалық кестесіне енгізілді, - деп хабарлады телеарна баспасөз қызметі.

«Marvel»  мен «Disney» туындылары «Qazaqstan» телеарнасын әр жексенбі 14:00-де эфирге шығады.

Өзгелердің жаңалығы