«Дипломмен ауылға» барғандар үшін 20 млрд теңгеге үй сатып алынған

14 Шілде 2022, 13:06
1416
Бөлісу:
«Дипломмен ауылға» барғандар үшін 20 млрд теңгеге үй сатып алынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. 

 «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруға 128 млрд теңге бөлінді. Олар 580 ауылда 1100 жобаны іске асыруға бағытталған. «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асырудың аясында 4,3 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беруге 20 млрд теңге бөлінді, - деп атап өтті Үкімет басшысы Президенттің алдында жасаған баяндамасында. 

Сонымен қатар ол батыс өңірлеріне қатысты кешенді жоспардың қайта қаралғанын айтты. 

Сондай-ақ жалпы сомасы 1,1 трлн теңгені құрайтын батыс өңірлердің кешенді жоспарлары қайта қаралып, кеңейтіліп қабылданды. Осы кешенді жоспарлар шеңберінде 170 мыңнан астам жұмыс орындары енгізіледі, - деді Әлихан Смайылов.

Еске сала кетейік, бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткен болатын. Оған барлық министрлер мен өңір әкімдері қатысты. Отырыс барысында алты айдың қорытындысы жасалды. 

Өзгелердің жаңалығы