Дипломаттың денесінде көгерген іздер болмаған – Смадияров

18 Желтоқсан 2019, 17:08
2936
Бөлісу:
Дипломаттың денесінде көгерген іздер болмаған – Смадияров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Египеттегі Қазақстан елшілігінің екінші хатшысы Еламан Жолдасовты тапқан кезде қызметкердің мойны жіппен оралып, баспалдақтың таянышына асылып тұрған. 

Алғашқы сыртқы тексеру кезінде денесінде қандай да бір зақым, көгерулер мен жарақаттар болмаған. 

17 желтоқсан күні аталған оқиғаға қатысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде "Еламан Жолдасов өз үйінің кіреберісінің жанында өлі табылды. Оның қолдары мен аяғы артынан байланып, арқасы мен денесі кір болған. Демек оны жермен сүйреген" деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Оны тапқан кезде қызметкердің мойны жіппен оралып, баспалдақтың таянышына асылып тұрған. Алғашқы сыртқы тексеру кезінде денесінде қандай да бір зақым, көгерулер мен жарақаттар болған жоқ. Қолдары мен аяқтары байланбаған. Оны оқиға орнында түсірілген бейне материалдар дәлелдейді. Әрине, тергеу мүддесіне байланысты бұл материалдар қазір жарияланбайды, - деп мәлімдеді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте.

Баспасөз хатшысының айтуынша, дипломаттың денесі табылғанда киімі таза, қасындағы әмиянында аздаған ақша мен құжаттары болған. Сондай-ақ, аяқ-қолы бос болғанын марқұмның денесін тапқан жұбайы растайды.

Сондай-ақ, марқұмның аяқ-қолы бос екенін, оны бірінші тапқан Еламанның жұбайы да дәлелдейді. Дипломат тұрған үй кешені тәулік бойы күзетіледі. Мысыр тарапы дипломат тұрған үйге жақын орналасқан барлық бейне бақылау камерасынан бейне материалдар алынды. Онда бөтен адамдар болуы мүмкін емес. Марқұм табылған кезде костюм мен галстукте болған. Киімі таза. Өзімен бірге аз ақша салынған партмоне, ұялы телефон және жеке құжаттары болған, - деді СІМ ресми өкілі.

Айбек Смадияров БАҚ өкілдерінен жалған ақпарат таратпауды сұрады. 

БАҚ өкілдерінен жалған және негізсіз ақпаратты таратуды және қаза тапқан қызметкердің туыстары мен жақындарының сезіміне құрметпен қарауды сұраймыз. Бұл үлкен трагедия. Бұл жаңалықтан сенсация жасаудың қажеті жоқ, - деді баспасөз хатшысы.

Айта кетсек, 13 желтоқсанда Египеттегі Қазақстан елшілігінің екінші хатшысы Еламан Жолдасовтың денесі үйіне кіреберісте табылған.

Өзгелердің жаңалығы