СІМ Египеттегі елшілік қызметкерінің қазасына байланысты пікір білдірді

18 Желтоқсан 2019, 16:18
2103
Бөлісу:
СІМ Египеттегі елшілік қызметкерінің қазасына байланысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір Еламан Жолдасовтың өліміне қатысты Египетте сот-медициналық сараптама аяқталған.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров брифинг басында хабарлады. 

Еламан Жолдасовтың денесін жұбайы үйіне кіреберісте тапқан. 

2019 жылы 13 желтоқсанда сағат 11.15-те Египеттегі Қазақстан елшілігінің екінші хатшысы Жолдасов Еламанның жұбайы үй кіреберісінде өзінің пәтер есігінің алдында күйеуінің денесін тапты. Ол бірінші кезекте бұл туралы елшілікке хабарлады. Біздің дипломаттар 5-7 минут ішінде жетіп, жағдайға қатысты барлық қажетті шараларды қабылдады. Оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, прокуратура, криминалдық полициясының тергеу топтары шақырылды. Сонымен қатар, 15 желтоқсанда қызметтік тексеру жүргізу үшін ҚР СІМ өкілдері жіберілді. Қазіргі уақытта Египет прокуратурасы бұл іске қатысты тергеу жүргізуде. Тергеу аясында сот-медициналық сараптама жүргізілді. Оның нәтижелері жақын арада қазақстандық тарапқа берілетін болады. Сыртқы  істер министрлігі дипломаттың денесі Қазақстанға жеткізілгеннен кейін қосымша сот-медициналық сараптама жүргізетін болады, - деді Смадияров.

СІМ өкілі дипломаттың еңбек жолы туралы айтып берді.

Министрлік үшін өте қайғылы хабар. Әріптесіміз жоғалтқанымыз бізге өте ауыр тиді. Еламан – парасатты және жауапты адам. Өз ісінің және араб тілінің жақсы маманы болған. Египеттік БАҚ-та танымал болып, жиі сұхбат беріп теледидардан сөз сөйлеп жүрді. СІМ жүйесінде 2013 жылдан бастап жұмыс істеді. 2017 жылдың мамырынан бастап Қазақстанның Египеттегі елшілігінің мәдени-гуманитарлық мәселелер бойынша екінші хатшысы қызметін атқарды. Басшылық және әріптестерінің арасында жоғары беделге ие болған, - деді ол.

Бұған дейін СІМ Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Е. Жолдасовтың қазасы туралы ақпаратты растаған болатын. Сонымен қатар, Египеттің прокуратурасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.


Өзгелердің жаңалығы