Dior және Givenchy антисептик шығаруға көшті

16 Наурыз 2020, 09:50
1750
Бөлісу:
Dior және Givenchy антисептик шығаруға көшті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Christian Dior, Guerlain және Givenchy иіссуларын шығаратын Француздық LVMH (Louis Vuitton Moet Hennessy) парфюмерия компаниясы енді коронавирусқа байланысты ауруханаларға арнап антисептиктер шығара бастайды. Бұл туралы DW сайты жазды.

Бұл туралы компания 15 наурызда хабарлады. Компания бір аптаның ішінде 12 тонна қол жууға арналған суйықтық шығармақ. Антисептиктер денсаулық сақтау органдарына тегін таратылмақ. Концерннің хабарлауынша, антисептиктерді бірінші кезекте Париждің 39 мемлекеттік ауруханасы алмақ.

Эпидемияға байланысты вирусқа қарсы заттарға оның ішінде қол жуатын гельдарға сұраныс арта түскен. Көптеген дәріханаға осыған байланысты қол жуатын сұйықтықтарды бір адамға бір құтыдан сатып жатыр. Денсаулық сақтау өкілдерінің айтуынша, антисептиктер ауруханаларда бар, бірақ қор мөлшері тым аз деп отыр.



Өзгелердің жаңалығы