Дінсіздікпен амандыққа жетеміз деген бекер сөз - Әл-Азһар шейхы

16 Қыркүйек 2022, 16:01
1632
Бөлісу:
Дінсіздікпен амандыққа жетеміз деген бекер сөз - Әл-Азһар шейхы
Фото: автордан

Бас мешітке келген әл-Азһар шейхы, Жоғарғы имам Ахмет Тайып уағызын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, дінсіз тыныштыққа жетеміз деп айту бекер сөз.

Дінді қалдырып, дінсіздікпен тыныштықпен амандыққа жетеміз деген бекер сөз. Ұрыс-керістің бәрі осы дін алып барады, дінді тоқтатсақ тыныштыққа амандыққа жетеміз деген таза өтірік сөз. Адамдар дінсіздікке кірсе, үлкен қиындықтарға жолығады. Тарихтағы кейбір соғыстарда дінді өздерінше себеп қылды. Соғыстарда адамдардың қанын төгілді,  - деді Әл-Азһар шейхы. 

Имам ислам діні ешқашан адамдардың қанын төгіп, адамдарды аяусыз өлтіріп, абырой төккен емес екенін атап өтті.

Бұлардың бәрі діннен бір нәрсені іліп алып, жамандықтың бәрін дінге жапқысы келетіндердің ісі. Олар мақсаттарына жету үшін дінді себеп қылады. Дін мұндайды мойындамайды, қайтарады. Дін - ешқашан ұрыс-керіске, жанжалға алып бармайды. Бәріміз дүнижүзінде болған екі соғысты білеміз. Өткен ғасырда болған соғыстар 70 млн аса жазықсыз адамдардың қанының төгілуіне себепкер болды. Діннің екі соғысқа да ешқандай қатысы жоқ, - деді Ахмет Тайып.

Еске сала кетейік, Шейх Ахмад ат-Тайеб астанаға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидереһлерінің басқосуына келген болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, съездің жұмысына қатысты.

Өзгелердің жаңалығы