Діни сипаттағы материалдарды таратқаны үшін 9 солтүстікқазақстандық жауапқа тартылды

6 Шілде 2022, 04:26
1386
Бөлісу:
Діни сипаттағы материалдарды таратқаны үшін 9 солтүстікқазақстандық жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Діни сипаттағы материалдарды таратқаны үшін 9 солтүстікқазақстандық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері діни сипаттағы материалдарды таратқаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің көзделгені туралы еске салады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабымен 200 айлық көрсеткішке дейін айыппұл салу түріндегі жаза көделген. Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов ат. ауданның 39 жастағы түрғыны WhatsApp мессенджерінің статусында бір ай бойы діни сипаттағы материалдармен фотосуреттерді орналастырып келген. Бұндай әрекеттер құқық бұзушылық болып саналады. Ауыл тұрғынына қатысты әкімшілік материал жинастарылып, аудандық сотқа жолданды.

Ғ. Мүсірепов ат. аудан сотының қаулысымен азамат Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-б. 3-т. бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі болып танылды. Оған 35 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Діни әдебиетті, діни сипаттағы басқа да ақпараттық материалдарды, діни мақсатта қолданылатын заттарды тек діни ғимараттарда, діни білім беретін ұйымдарда, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен белгіленген стационарлық үй-жайларда таратуға рұқсат етілген. Петропавлда бұндай 15 арнайы орын бар, оның бірі – Айыртау ауданында, – деді СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.

Жыл басынан діни сипаттағы материалдарды таратқаны үшін 9 солтүстікқазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы