Діни объектілерге қойылатын талаптар

24 Мамыр 2021, 21:58
1288
Бөлісу:
Діни объектілерге қойылатын талаптар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Діни объектілерде діни ғимараттардың (имараттардың) персоналына сауалнама жүргізу және термометрияны жүзеге асыру арқылы бақылау жүргізуге жауапты адам тағайындалады.

Инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында жіті респираторлық инфекциялар (қызба, жөтел, мұрынның ағуы) және басқа да жұқпалы аурулар белгілері бар персонал тексеру үшін жіберіледі.

Объекті әкімшілігі ғибадат ғимараттарының (құрылыстарының) персоналын бір рет қолданылатын медициналық немесе мата маскалардың жеткілікті қорымен, сондай-ақ қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық сулықтармен, тері антисептиктерімен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

Діни объектілерде персонал мен діни қызметшілердің маскалар киюі қамтамасыз етіледі.

Ғибадат үйлеріне (құрылыстарына) кіруге міндетті түрде маска болған жағдайда рұқсат етіледі.

Келушілердің қолдарын өңдеу үшін көрінетін және қолжетімді орындарда (кіреберісте, санитариялық тораптарда, Құдайға құлшылық етуге арналған үй-жайларда, дәрет алуға арналған және діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған бөлмелерде) тері антисептиктері, санитайзерлер орнатылады, - делінген хабарламада.

Ғибадат үйлерінде (құрылыстарында) намаз оқу бір адамға 4 метрден кем емес есеппен қашықтықты сақтау кезінде жүзеге асырылады.

Келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгілер, қоршаулар мен тосқауыл ленталар салу, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау қамтамасыз етіледі;

Діни жораларды орындау үшін бөлінген бөлмелерде санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуы қамтамасыз етіледі.

Ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және баптау жүйелеріне ревизия (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру) жүргізіледі.

Тәулік ішінде күніне кемінде 5 рет еселікпен ұзақтығы кемінде 15 минут барлық үй-жайларды тұрақты желдету жүргізіледі.

Келушілер көп жиналатын жерлерде ауаны үнемі зарарсыздандыру мақсатында бактерицидті шамдар (келушілер мен персонал болмаған кезде пайдаланылады) және (немесе) ауа рециркуляторлары (адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі) қолданылады.

Ғибадат ғимараттарының (құрылыстарының) үй-жайларында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын жинау жүргізіледі. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыстың барлық түрлерін ылғал өткізбейтін герметикалық қолғаппен орындау керек.

Ғимаратқа кіреберісте дезинфекциялау құралымен суландыру әдісімен суланған дезинфекциялау кілемшесі орнатылады.

Дезинфекциялау жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген, қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда вирустық инфекциялар кезінде объектілерді зарарсыздандыру режимдері көрсетілген дезинфекциялау құралдары қолданылады, олар мынадай еселікте: санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдық, оның ішінде крандардың вентильдері, унитаздың бөшкелерін түсіру) және сүйеніштер күніне 3 рет өңделеді.



Өзгелердің жаңалығы