Діни фундаментализмге қарсы тұру мәселелері талқыланды

26 Тамыз 2021, 15:57
1249
Бөлісу:
Діни фундаментализмге қарсы тұру мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық музейінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Діни фундаментализмнің діни-саяси өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Семинарға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров және ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласындағы имамдары қатысты.

Іс-шара барысында Е. Нүкежанов Дін істері комитеті қызметінің үш негізгі бағыты, соның ішінде халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, интернет-кеңістікте діни экстремизм көріністерінің алдын алу, деструктивті діни ағым (ДДА) ұстанушыларын оңалту және оларды әлеуметтік ортаға қайта бейімдеу шаралары туралы айтып берді, - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Е.Нүкежанов ҚМДБ мешіт имамдарының білімі мен біліктілігін арттыру, ДДА қатарында жүрген азаматтарды оңалту және оларды қайта бейімдеу, сондай-ақ, интернет кеңістікте жұмыс істейтін діни қызметкерлердің заманауи коммуникациялық дағдыларын дамыту жөнінде бірқатар ұсынысты жеткізді.

Іс-шара соңында қатысушылар дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөнінде ары қарай ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.


Өзгелердің жаңалығы