Діни экстремизмнің алдын алуға арналған онлайн семинар өтті

18 Тамыз 2020, 22:00
1407
Бөлісу:
Діни экстремизмнің алдын алуға арналған онлайн семинар өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі, Алматы облыстық дін істері басқармасының ұйымдастырумен және "Ізгілікті істер" қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен онлайн семинар өтті.

"Діни экстремизмнің алдын алудағы дін қызметкерінің рөлі" тақырыбындағы бір күндік оқу семинарына Талдықорған өңірінің имамдары қатысты.

Шарада ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, дінтанушы Асқар Сабдин, исламтанушы ұстаз Арман Қуанышбаев, Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы дәріс өткізді.

Семинарда сұрақ-жауап алмасып, белгілі ғалымдардың туындылары насихатталды. Сондай-ақ, діни экстремизмнің алдын-алуда ақпараттық түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары түсіндірілді.

Өзгелердің жаңалығы