Құқық және дін мәселелері жөніндегі Халықаралық симпозиум өтті

6 Қазан 2020, 20:23
1840
Бөлісу:
Құқық және дін мәселелері жөніндегі Халықаралық симпозиум өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бригам Янг Университетінің (АҚШ) жанындағы Заң және дін саласындағы халықаралық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен Заң және дін мәселелері жөніндегі виртуалды форматта ХХVІІ Халықаралық симпозиум өтті.

Діни бостандықтарды қамтамасыз етудің саяси-құқықтық аспектілері бойынша іс-шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің заң шығару палатасы төрағасының бірінші орынбасары Акмаль Саидов, ЮНЕСКО Әлемдік мәдениет және діндер кафедрасының доценті, Қырғыз-Ресей Славян университетінің Дінтану ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Индира Асланова және басқалар қатысты.

Симпозиум барысында Марат Әзілханов Қазақстанның ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі қоғамдағы тұрақтылықты нығайту және адам құқықтарын сақтау үшін қажетті жағдай ретінде конфессияаралық келісімді дамыту болып табылатынын атап өтті.

Жалпы, симпозиумға қатысушылар Орталық Азия елдеріндегі діни ахуалды, сондай-ақ діни сенім бостандығы саласындағы адам құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.

АҚШ-тың ЮТА штатында орналасқан Бригам Янг университеті - 2000 жылы діни бостандықтарды қамтамасыз ету саласында зерттеулер жүргізуге бағытталған дін мен құқықтарды зерттеудің халықаралық орталығын құруды алғаш бастаған жекеменшік университет.

Өзгелердің жаңалығы