Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Хабар» арнасында Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаны шықты.
«Өмір өтер» композициясы агенттіктің қолдауымен түсірілген. Туынды авторлары – Талант Арынғали мен Ринат Гайсин.
10 жылдан аса өзінің орындаушысын күткен әнге «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша мағыналы бейнебаян түсірілді.
«Omir Oter» музыкалық композициясы алғаш рет Dimash Digital Show онлайн-концертінде орындалған. Клипте тұтас елдің өткені, тарихта аты қалған тұлғалар көрсетіледі. Туынды режиссері Анна Обоянская. Бейнебаян Елордадағы «Астана Опера» театрының залында түсірілді.