Димаштың шығармашылығынан шабыт алған суретші жаңа мангасын басып шығарды

9 Наурыз 2024, 13:12
794
Бөлісу:
Димаштың шығармашылығынан шабыт алған суретші жаңа мангасын басып шығарды
Фото: Dimashnews.com

Испанияның Planeta de Agostini атты беделді баспасы Димаш Құдайбергеннің туындысынан алған шабытының нәтижесінде "Ғарыш дауыстары" атты жаңа мангасын басып шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Voices of space" ("Ғарыш дауыстары") – 25 беттен тұратын фантастика жанрында жазылған туынды. Бұл – туабітті таңғажайып қабілеті – бірегей даусымен ғаламды өзіне еліктіріп, айналасына бақыт пен қуаныш сыйлайтын ерекше өнерлі адамдарға арналған туынды. Бұл туралы әншінің сайты хабарлады.

Манганың авторы – испаниялық суретші Альберто Митя. Ол Димаштың шығармашылығымен 3 жыл бұрын танысқан. Оны манга жасауға Димаштың орындауындағы S.O.S әні шабыттандырған.

Мен бұл шығарманы Димаштың ерекше таланты мен ғажайып дауысын көпшілікке таныту мақсатында жаздым. "Voices of space" – ғарыштық жарыстарда өз даусымен сайыстарға түсетін бала туралы ғылыми-фантастикалық және фэнтези жанрындағы манга, - деді Альберто Митя.

Өзгелердің жаңалығы