Димаштың шетелдік тыңдармандары үш апта бойы қазақ тілін үйренді

24 Тамыз 2022, 15:21
920
Бөлісу:
Димаштың шетелдік тыңдармандары үш апта бойы қазақ тілін үйренді
VIDEO

«Отандастар қорының» ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Интенсивті қазақ тілі курстарына» 15 шақты елден 90-ға жуық тыңдаушы қатысты деп хабарлады BAQ.KZ Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш апталық интенсив курсқа шетелдегі отандастарымыз, тілімізге қызығушылық танытушылар және Димаш Құдайбергеннің «Dears» жанкүйерлері қатысып, қазақ тілін үйренген.

Қатысушылар АҚШ, Түркия, Ресей, , Германия, Франция, Ұлыбритания, Иран Ислам Республикасы, Қырғызстан, Өзбекстан, Индонезия, Польша, Малайзия елдерінен келген.

Жоба қатысушыларына қоғам президенті Абзал Сапарбекұлы атынан сертификат табысталады.

Айта кетейік, қыркүйек айынан бастап онлайн қазақ тілі курстарының екінші жартыжылдығы басталады.

Өзгелердің жаңалығы