Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Димаштың Мексикадағы концертіне билеттер небәрі 8 минутта сатылып кетті

9 Қазан 2025, 10:45
605
Бөлісу:
 Instagram/kudaibergenov.dimash
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жақында Мексикада концерті өтеді. Көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған оның жаңа елде өнер көрсетуі әрдайым жанкүйерлерін қуантады. Бұл жолы концертке билеттер сату науқаны бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Димаштың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Әнші Instagram-да алдағы концерті туралы сол елдің тілінде, яғни испанша жазба жариялады.

Репетиция аяқталды. Жарық сөнеді… Сол сәттегі сезімім – тек шексіз алғыс. Алғашқы концерттің билеттері небәрі 40 минутта сатылып кетті. Біз қосымша концерт қостық – ол бар болғаны 8 минутта сатылды. Мексика, сен менің барлық арманымнан асып түстің. Сіздердің өтініштеріңіз бойынша ертеңнен кейін жаңа аренада тағы да кездесеміз. Бұл жай ғана концерт емес… бұл – дыбыспен, жарықпен және махаббатпен жазылған ортақ тарихымыз. Энергияларыңызға, сенімдеріңізге және шексіз сүйіспеншіліктеріңізге рахмет. Рахмет саған, Мексика, - деп ризашылығын білдірді Димаш.

Еске салсақ, бұған дейін Димаш Құдайберген Нью-Йорк төрінде жеке концертін өткізді. Белгілі болғандай, оның сол Нью-Йорктегі концерті туралы деректі фильм шығады.

Өзгелердің жаңалығы