6 қыркүйек күні Мехикодағы метроның медиафасадтарында Димаш Құдайбергеннің Fly Away әніне түсірілген видеосы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
Ролик апта бойы сағат сайын 576 экранда көрсетіледі.
Димаштың Мексикадағы фан-клубының арқасында бейнероликтер көрсетілді. Dears ең танымал теледидарлық желілердің бірі – Мехико қаласындағы метрода музыкалық бейнеклиптер мен мәдени жаңалықтарды орналастырумен айналысатын Isa TV-ге хабар тарату туралы өтініш жіберді.
Трансляцияның өтуі үшін Dears Isa TV ресми Instagram-аккаунтындағы посттың астына 2000 лайк жинау керек болды, Димаш шығармашылығының жанкүйерлері оған небәрі екі күннің ішінде қол жеткізді.
Осылайша, 6 қыркүйекте Мексика астанағасындағы метроның 70 станциясында Димаштың Fly Away әніне түсірілген видеосы көрсетілді. Метро - қаланың негізгі көлік құралдарының бірі, сондықтан бейнені 3 миллионға жуық адам көреді.